БІРІНШІ КЕҢЕС: интернет-тәуелділікке бейім баланың өмірін, яғни өз өміріңізді жарқын әрі қуанышқа толы ету қажет. Егер ата-ананың өздері виртуалды әлемге батса – бұл жаман үлгі. Ал егер бала күні бойы компьютерде отырып, олардың мазасын алмайтынына іштей қуанар болса, бұл одан да жаман.
ЕКІНШІ КЕҢЕС: өз балаңызбен «қазір және осы жерде» өмір сүріңіз, бірінші сынып оқушысымен интернетпен еш байланысы жоқ жарқын сәттерді бастан өткеріңіз. Бірге хайуанаттар бағына, балық аулауға немесе футбол ойнауға барыңыз. Виртуалды өмірге байланған балаға бұл өте пайдалы, олар бұған аса мұқтаж.