Пресс-релиз
Оқушылардың ата-аналарына
(заңды өкілдеріне) арналған «Ашық есік күні»
Құрметті оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері)!
2023 жылғы 3 наурызда сағат 17.30-дан 19.00-ге дейін №2 мектеп-лицейінің әкімшілігі мен педагогтары сіздерді акт залында түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейтін «Сұрақ-жауап» диалог алаңына шақырады.
Біз сұрақтар бойынша сындарлы кері байланыс беруге дайынбыз:
— оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
— оқушыларды бағалау (Күнделікке шығуымен)
— білімдегі олқылықтардың орнын толтыру;
— мектеп қабырғасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
— тамақтандыруды ұйымдастыру;
-әлеуметтік-қорғалмаған отбасыларға кеңес беру;
— мектеп жанындағы жазғы лагерь ұйымдастыру
Педагог-психологтар сіздердің сұрауларыңыз бойынша кеңес береді, пән мұғалімдері сіздерді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді. Мектеп тиімді өзара әрекеттесу үшін ашық.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.