Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов

«Оқитын мектеп» жобасы аясында Сіздердің назарларыңызға «Сұлтан Баймағамбетов кітабы беттерінен» бейнеролигі ұсынылады.

2020 жылы Қостанай қаласында Кеңес Одағының Батырының 100 жылдығына орай Қазақ және орыс тілдерінде «Сұлтан Баймағамбетов» кітабы жарық көрді. Жинаққа өлеңдер, сценарийлер мен фотосуреттер енген.

Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов-аға сержант, 147-атқыштар полкінің пулемет бөлімшесінің командирі (43-атқыштар дивизиясы, 67-армия, Ленинград майданы), Кеңес Одағының Батыры.

1943 жылдың 25 шілдесінде Ленинград майданында біздің әскерлеріміздің алға жылжуы жау дзотынан пулемет атуымен тоқтатылды. Ұрыс тағдыры Сұлтанның қолында болды, батыл жауынгер атыс нүктесіне көтеріліп, гранаталар лақтырды, бірақ пулемет тынбады. Содан кейін ол пулеметке түсіп, оны денесімен жауып тастады. Отанды құтқару үшін қарапайым батыр өзінің өмірін аямады.

Сұлтан Баймағамбетовке 1944 жылы 21 ақпанда қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий