Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 25.03.2021 ж. № 12 қаулысының негізінде
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 25.03.2021 ж. № 12 қаулысының негізінде 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында балалар саны 25 оқушыдан аспайтын барлық сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
№ 2 мектеп-лицейінде оқушыларды оқыту үшін барлық дезинфекциялық құралдар қарастырылған. Мектепке кіре берісте дезинфекциялық кілемшелер орналасқан, әр қабатта қол жетімді жерлерде тері антисептикімен санитайзер және қолды өңдеуге арналған сұйық сабынға арналған дозаторлар орнатылған, вахтада және әрбір мұғалімде білім алушыларға арналған бір реттік маскалар мен қолғаптар бар, медициналық кабинет жұмыс істейді, әр қабатта санитариялық бекеттердің жұмысы ұйымдастырылған.
Мектепке кіре берісте оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің температурасы өлшенеді. Температура термометрия журналында екі рет (ауысым басында және соңында) тіркеледі. Әрбір үзілісте оқу кабинеттерін желдету жүзеге асырылады. Санитарлық сағат кезінде өңдеу және кварцтау жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектепте бірқатар талаптарға назар аудару қажет:
- Мектеп ғимаратының бірінші есігіне дейін балаларды шығарып салуға болады;
- Балада жеке гигиенаны сақтау үшін маска, қалта антиспектигі немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтың болуы;
- Мектептегі қашықтық және мінез-құлық ережелері;
- Екінші ауысымды аяқ киімнің болуы.
Ескерту: шектеу іс-шаралары кезеңінде мектеп формасын кию міндетті емес. Сыртқы түрі ұқыпты, ыңғайлы, бірақ спорттық болмау керек (трико, олимпиада).
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.