«Дарынды ұрпақ-Қазақстанның болашағы»  атты Ғылым күні

Ғылым күні дарынды оқушыларды қолдау, функционалдық сауаттылықты дамыту, сондай-ақ білім беру салаларын интеграциялау және оқушылардың зерттеу қызметін танымал ету үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

19.03.21 ж «Ғылым күнін» өткізу аясында мектеп-лицейде ғылыми-практикалық конференция өтті, оған 5-11 сыныптардың 52 оқушысы қатысты. ҒПК қатысушылары фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, модельдерді және адам өміріне байланысты бағдарламалық материалдан тыс пәндік салалардың жекелеген белгісіз бағыттарын қамтитын зерттеу жобаларын ұсынды. Өз жобасының тақырыбын ашып, қатысушылар гипотезалар жасады, талдады және зерттелетін объектіге өз бағаларын берді.

ҒПК секциялары:

  • МИФ: математика, информатика, физика, технология, техника, экономика, жер және ғарыш туралы ғылым
  • Жаратылыстану-ғылыми: химия, биология
  • Рухани жаңғыру: тарих, құқықтық пәндер, өлкетану, география
  • СӨС (салауатты өмір салты): дене шынықтыру
  • Тіл білімі: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті
  • Тіл білімі: Орыс тілі, орыс әдебиеті
  • Тіл білімі: Ағылшын тілі

Секция жұмысының нәтижелері бойынша 8-10 сыныптардың жалпы білім беретін пәндері бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне және 5-7 сыныптардың «Зерде» Республикалық зерттеу және шығармашылық жобалар конкурсына қатысуға  ұсынылған оқушылардың құрамы анықталды.

  • МИФ: Вечер Роман 9 сын.,  Набиева Эсмира 11 сын., Флотова Адель 7 сын, Оджахвердиев А.5 сын., Пирх Данил 6 сын., Вихле Елизавета 5 сын, Кузьменко Глеб 6 сын, Нугманова Дана, 7 сын., Жаукова Адель 7 сын
  • Жаратылыстану-ғылыми: химия, биология Чернецкая Елизавета 8 сын
  • Рухани жаңғыру: Омарова Дария 5 сын, Абибулаева Айбийке 7 сын,Приходько Екатерина 10 сын, Крикало Мария 8 сын, Яковлева Елена 9 сын, Неживова Ольга 9 сын.
  • СӨС (салауатты өмір салты): Вечер Роман 9 сын
  • Тіл білімі: — Қазақ тілі, қазақ  әдебиеті: Темирханова Алина 8 сын., Сугурова Дильназ 11 сын, Алмасов Ерали Алмасов Ерали 6 сын, Торабаева Айсу 7 сын.
  • Тіл білімі: — Орыс тілі, орыс әдебиеті: Назарова Анастасия 9 сын., Каппасова Дияра 6 сын
  • Тіл білімі: Ағылшын тілі: Сугурова Малика 9 сын, Есмуханова Дана 9 сын.

Сәуір айында ЖОО оқытушылары, мектеп педагогтары, 8-11 сыныптардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері кіретін мектептің сараптамалық кеңесінде жобаларды алдын ала қорғау өтеді. Сараптамалық кеңес жұмысының нәтижелері бойынша 8-11 сыныптардағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының және 5-7 сыныптардағы «Зерде» Республикалық зерттеу және шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысушылардың құрамы бекітілетін болады.

   

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий