«Ересек пен баланың қарым-қатынасы: 5 махаббат тілі» отбасылық клубының отырысы
Бүгін, 2021 жылғы 20 ақпанда отбасылық клубтың кезекті отырысы өтті, онда маңызды тақырып, барлық уақытта өзекті тақырып: ересек пен баланың қарым-қатынасы туралы айтылды.
Әр балаға ересек адамның сүйіспеншілігі мен назары қажет. Біреу ата-анасының оны құшақтағаның ұнатады, біреу оған сыйлықтар сыйлағанды жақсы көреді,ал біреу әлемдегі барлық нәрсе туралы ата-анасымен сөйлескенді ұнатады.Біздің балаларымыз қандай болмасын, ата-ана махаббатын әр түрлі жолмен көрсетуге болатындығын ұмытпауымыз керек.
Біздің бүгінгі кездесуіміздің қонағы — педагог, ҚР Білім беру ісінің үздігі, қоғам қайраткері, нағыз отбасылық құндылықтарды жырлаған ақын Суслова Александра Ильинична болды.
Отбасылық клубтың отырысы бір деммен өтті. Ата-аналар мен балалар қызықты кездесуге қатысты, онда олар әдемі өлеңдер, астарлы әңгімелер, өмірден нақты мысалдар тыңдады. Александра Ильинична өзінің қарапайым және түсінікті тілімен осындай маңызды тақырыпты ашып, әркімнің жүрегіне қол тигізді.
Суслова Александра Ильиничнге және оқушылардың ата-аналарына осы отырысқа қатысқаны үшін алғыс айтамыз.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.