1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Қазақ КСР Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1960 жылы-Днепродзержинск қ. № 22 ПТУ бітірді

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Қазметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасында бастады.

Содан кейін Қарағанды металлургия зауытында құю машиналарының шойыншысы, домна пешінің көрікшісі болып жұмыс істеді.

1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында (1966 жылдан — комбинат) қайтадан жұмыс істеді: диспетчер, газшы, домна цехының аға газшысы.

1969-1973 партия — комсомол жұмысына Теміртау қ., Қарағанды облысы.

1973-1977 жылдары-Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылдары-Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

1989-1991 жылдары-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шы, 11-ші шақырылымдарының депутаты.

КСРО Халық депутаты 1989 жылдан 1992 жылға дейін.

1990 жылдың ақпан — сәуір айларында бір мезгілде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1990 жылдың сәуірінен-Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы болып өтті, оның барысында Н. Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.

1995 жылы 1995 жылы 29 сәуірде өткен референдумның нәтижесінде Н. Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы 10 қаңтарда Н. Ә.Назарбаев сайлаушылар дауысының 79,78 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2005 жылғы 4 желтоқсанда Н. Ә.Назарбаев сайлаушылардың 91,15% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет басшысының қандай да бір партияда болуына және оны басқаруға тыйым салды. Бірақ ол «Нұр Отан»саяси партиясын қолдады.

2007 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты Н. Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының басшысы қызметіне ресми түрде кірісті. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы » заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.

2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі .

2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық телеарналар эфирінде халыққа үндеу жолдап, Президент өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Ол бұл лауазымда 29 жыл болды.

 

Презентация

26 қараша 2020

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий