«Біздің жаңа есімдер» акциясы бойынша ақпарат

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отаным-тағдырым» негізгі бағыты табысты, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім табыну идеяларын ілгерілету мақсатында «Біздің жаңа есімдер» акциясы өтті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың нақты тарихының мысалында қарашаның 18-28 аралығында 8-11 сыныптарда сынып сағаттар өтті. Сабақта Қостанай облысының табысты адамдарының қалыптасу тарихын көрсететін презентациялар қолданылды. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына өз кандидатураларын ұсынған 11 сынып оқушылары туралы оқушыларға қызықты ақпарат берілді. Оқушылар өздерінің жеңістерімен, осы жобаға қатысуға мүмкіндік берген табыстарымен танысты. «Біздің жаңа есімдер» презентациясы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде ұсынылды.

Презентация

 

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Серикова Ж. Б.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий