«Бала құқығы –адам құқығы» атты Республикалық онкүндікті өткізу туралы

2019 жылғы 18-28 қараша аралығында №2 мектеп-лицейінде «Бала құқығы-адам құқығы» атты Республикалық онкүндік өтті. Онкүндікті өткізу кезінде 1-4 сынып оқушылары арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «От улыбки станет всем светлей» атты суреттер конкурсы өтті. Бастауыш сынып және орта буын оқушылары «Жақсылық сыйла» акциясына қатысты. Балалар аз қамтылған отбасыларға арналған киім-кешек, ойыншықтар, кеңсе тауарларын жинап, өз еркімен материалдық көмек көрсетті. Балалар құқығына арналған сынып сағаттары 1-11 сынып аралығында өтті. Балалар құқығы бойынша сабақтарға мектеп инспекторы қатысты жоғары сынып оқушылары «Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім» викторинасының белсенді қатысушылары болды. 8-9 сынып оқушылары «Заң және мен» байқауы шеңберінде эссе жазып, бейнероликтер түсірді. 8 сынып оқушылары бастауыш сынып оқушылары үшін «Менің құқығым» атты ойын өткізді. Театр студиясы «Балалардың ертегідегі құқықтары» қойылымын көрсетті. «Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық онкүндігінің барысы туралы оқушылар Балалар құқығы орналастырылған мектеп стендінен, балалар мен жастарға арналған сенім телефонынан білді (111 шұғыл қызмет).. Мектеп кітапханасы «Мен және менің құқықтарым» көрмесін дайындады, мұғалімдер мен оқушыларға Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин туралы ақпарат және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің электрондық мекен-жайы туралы ақпарат берді.

 


«Бала құқығы-адам құқығы» сынып сағаты

Мектеп инспекторы Г. Ш. Жантемированың қатысуымен 9-10 сыныптарға арналған жалпы құқықтық оқыту

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий