«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп-лицей» ММ әкімшілігі. 2019-2020 оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына әңгімелесуге өтініш қабылдау туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №564 бұйрығымен регламенттелген мектепке қабылдау ережесі негізінде.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп-лицей» ММ әкімшілігі.
2019-2020 оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына әңгімелесуге өтініш қабылдау туралы хабарлайды.
2019-2020 оқу жылында мектеп конкурс негізде бір лицей сыныбын ашуды жоспарлап отыр.
Әңгімелесуге өтініштерді қабылдау
2019 жылғы 23-24 мамырда
сағат 9.00-ден бастап 12.00-ге дейін
және 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін
бірінші қабатта логопед кабинетінде кезек тәртібімен өтеді.
Жазуды директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
Лозовая Г. А. жүзеге асырады.
Байланыс телефоны 53-29-59
Әңгімелесу үшін лицей сыныбына баланың заңды өкілдерінің қатысуы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.
Әңгімелесу кестесі өтініш қабылданған күні ата-аналардың назарына жеткізіледі.
Әңгімелесуге өтініш қабылдау үшін ерекше шарттар:
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы «Білім туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.
- Бала минутына 30-35 сөз оқи алуы тиіс
- Баланың ой-өрісін дамытуы тиіс (отбасы, табиғат, жолдастар, өмірдегі басты оқиғалар туралы)
- Бала логикалық, бейнелі ойлауға ие болуы керек
- Баланың коммуникативтік дағдылары (зейін, ұйымшылдық, дербестік) дамуы тиіс.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.