2-сынып параллельдері және МАД сыныптарында «Қош келдің, Наурыз мейрамы!» іс-шарасын өткізу туралы ақпарат
2019 жылғы 19 наурызда Қостанай қаласы әкімдігінің «№2 мектеп — лицейі» ММ-де 2 сынып параллельдері мен МАД оқушылары үшін мерекелік концерт, көктемгі жәрмеңке өткізілді.
Оқушылар мектепке келген сәттен бастап мерекелік көңіл-күй сезілді. Балалар мерекелік концертке белсене қатысып, ата-аналарымен бірге көктемгі жәрмеңке ұйымдастырды.
Жәрмеңкені өткізу мақсаты:
- мұқтаж балаларға атаулы қайырымдылық көмек көрсету;
- ұжымдық және жеке шығармашылықты дамыту;
- қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналардың мектеппен белсенді ынтымақтастығын дамыту
Мереке құрметіне концерт өте қызықты өтті. Ол — «Наурыз-күн мен Көктем мерекесі» атты Наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарлама. Балалар өлең оқып, музыкалық аспаптарда ойнады, бір шаңырақ құрды. Өткізілген ойындар мен байқаулар оқушылардың ұйымшылдығына, олардың өз Отаны, өз өлкесі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға қызмет етті. Іс-шараның соңында өткізілген флэшмоб та жарқын сәтті болды.
Қайырымдылық жәрмеңкесіне оқушылар мен олардың ата-аналары, мұғалімдер қатысты. Жәрмеңкеде ұсақ-түйектер, суреттер, қолөнер бұйымдары, сонымен қатар жаңа үй тағамдары мен сусындар ұсынылды. Азық-түлік сатып алып, барлығы мұқтаж балаларға көмек көрсетуге қайырымдылық акциясына қатысты.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.