«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» жобаларын қорғау

2019 жылғы 23-24 ақпанда біздің мектепте ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» жобасын қорғау өткізілді. Оқушылар «Адал Ұрпақ» клубы мүшелерінің басшылығымен мерзімді баспасөзде, Интернет желісінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша материалдар жинады. Әр оқушылар арасында Қазақстан облыстары бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін жинау бойынша тапсырма берілді. 

 

Сынып сағаттарында топтық жұмыс түрінде оқушылар жиналған фактілер негізінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар картасы» құрастырды, құқық бұзушылықтарға талдау жүргізді. Елдегі сыбайлас жемқорлық туралы ұсынылған деректер негізінде «Адал Ұрпақ» ерікті клубының мүшелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жиынтық картасын жасап, оны ұсынды.

 

Театралдық қойылым

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жиынтық картасымен жұмыс

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий