Өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша есеп
Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейде 18.30 сағ. 2019 жылы 1 ақпанда 11 «А» мен 11 «Б» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарды Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі ұсынған ақпаратпен және презентациямен таныстырды.Ата-аналарға ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ ЖОО-ға алу, ҰБТ сертификатын берумен межелік ұпай, ағымдағы жылдағы жаңа енгізілімдер айтылды Арызды қабылдау мен ҰБТ өткізу мерзімдері, арызды тапсыру барысындағы ұсынылатын құжаттар сөз болды. Ата-аналарға білім беру ұйымынан берілетін анықтама түрі көрсетілді. Міндетті және кәсіби (таңдау бойынша) пәндер, тест тапсыру уақыты мен тілі, ҰБТ-ның тест құрылымы, ең жоғарғы балл және өту балы да айтылды. ҰБТ қатысушылар үшін интернет-ресурстар мен ақпараттар ұсынылды.
Сұхбат мазмұнды және пайдалы болып өткізілді.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.