«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық онкүндік.
Құрметті балалар! 2019 жылғы ақпанның 1-нен 12-не дейінгі аралықта біздің лицейде»«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық онкүндік өтеді.Осыған байланысты мектеп әкімшілігі мен педагогтары мектептің бірінші қабатында болатын іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Іс – шараның негізгі міндеттері Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейінің оқушылары мен педагогтарының шығармашылық қабілеттерін дамыту және ынтымақтастыққа бағытталған;
- оқушылардың өзін-өзі тануға танымдық қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту;
- жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастаманы дамыту;
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- өмірлік тапсырмаларды шешу дағдылары мен біліктерін дамыту .
Өздеріңіз білетіндей, оқу үрдісіне өзін-өзі тану пәнін енгізудің авторы Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева С.А. болып табылады. Сара Алпысқызының пікірінше, Адамгершілік-рухани дамудың негізгі бағыттары өскелең ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы мен табысты әлеуметтенуіне ықпал ету болып табылады. Сара Алпысқызы әр күннің құндылығына, әрбір адамның маңыздылығына назар аударуды, тұлғаның бірегейлігінің басқа қырларын көруді ұсынады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының рухани байлығы мен белсенді өмірлік ұстанымының маңыздылығын бірнеше рет атап өтеді.
Осы республикалық акция – онкүндік шеңберінде Сіз үшін ұсынылған іс-шаралар «Мен» позитивті бейнесін қалыптастыруға, тек қана өзіңнің ғана емес, басқа да адамдардың бірегейлігі мен қайталанбас сезімдерін, жағымды қарым-қатынасты, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталатын болады.
Сондай-ақ, Сізбен және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас құру, өз эмоционалдық жағдайын басқару, жеке тұлғаны жетілдіру жолдарын анықтау. Ынтымақтастыққа шақырамыз!
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.