АТА-АНАНЫҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОР БОЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

БІРІНШІ ЕРЕЖЕ:

         Жасөспірімнің сабақ оқу тәртібін ата-ананың өзі бақылауға алуы және шамадан тыс артық күш жұмсауға жол бермеуі тиіс.

ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ:

Сабақ оқу үшін ыңғайлы орын ұйымдастыру және үйдегілердің ешқайсысы жасөспірімге сабаққа дайындалуға кедергі жасамауын қадағалау міндеті ата-ананың мойнында.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ:

Жасөспірімнің тамақтануына ерекше көңіл бөлу. Ақыл-ойға қарқынды күш салу кезінде, оған құнарлы, алуан түрлі тағам мен дәрумендердің үйлестірілген кешені қажет.

ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ:

Шаршау көп жағдайда сабақтардың тынығумен алмастырылмауынан туындайды.

Ата-ана жасөспірімге үйреншікті 40-45 минут сабақтан соң (мектептегі сабақтың ұзақтығы), дәл сондай үйреншікті 10 минуттық үзіліс жасау қажет екенін айтып отыруы керек.

БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ:

Емтихан алдында жасөспірімнің «титықтағанша» оқу талпынысын қатаң түрде тоқтату қажет (егер сондай жағдайлар болса). Сондықтан ата-аналар жасөспірімді тыныштандыру және оның тынығып, ұйқысын әбден қандырып алуы үшін, оған толыққанды демалысты қамтамасыз етуі тиіс.

АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:

Жасөспірім ата-анасының эмоционалдық күйін асқан сезімталдықпен ұғынатынын және оған эмоционалды түрде жауап қататынын ұмытпау қажет. Және, егер ересектер өздерін жеңе алмаса, қобалжу мен үрейді үдетсе, бұндай жағдайда жасөспірім еріксіз түрде осындай пайдасыз күйді «жұқтырады» және ең жауапты сәтте эмоционалдық «мелшию» жағдайына түседі.

ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ:

       Ата-аналар олардың талаптары мен үміттері жасөспірімнің мүмкіндіктерімен қаншалықты үйлесетіні жайлы ойлануы керек.

СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ:

Егер жасөспірім барынша тырысса және сабаққа көп күш салса, мақтауға сараң болмаңыз.

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий