Бірінші сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған нейро-психофизиологтардың ұсынымдары.  

1.Сіздің алдыңызда жай ғана бала емес, өздеріне тән қабылдау, ойлау ерекшеліктері, эмоциялары бар ұл немесе қыз бала тұрғанын ешқашан ұмытпаңыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, тіпті жақсы көру түрліше болуы тиіс. Бірақ өте жақсы көру – міндетті!
2. Ешқашан ұлдар мен қыздарды салыстырмаңыз, олардың бірін екіншісіне үлгі етпеңіз: олар тіпті биологиялық жас бойынша әр түрлі – әдетте қыз балалар құрдас ер балалардан ересек келеді.
3. Ер балалар мен қыз балалар түрліше көретінін, еститінін, түйсінетінін, кеңістікті қабылдауы мен тануы әр түрлі болатынын, және бастысы – бұл әлемде кездестіретін нәрселерін түрліше ұғынатынын ұмытпаңыз. Және, әрине, олардың түйсіну-қабылдауларын бізбен – ересектермен мүлде салыстыруға болмайды.
4. Солақайды күштеп оң қолға үйретпеңіз – мәселе қолда емес, мидың құрылысында.
5. Баланы тәрбиелеуде бірізді болыңыз.

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий