2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының ІІ (қалалық) кезеңін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 486 бұйрығына сәйкес және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2018 жылғы 7 қарашадағы «2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданы өткізу туралы» № 558 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 6 желтоқсанда (I тур) және 7 желтоқсанда (II тур) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші қалалық кезеңі өтеді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ (Чехов көшесі, 98) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша: Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілі, Орыс тілі мен әдебиеті, шет (ағылшын, француз және неміс) тілдері, Қазақстан тарихы, Құқықтық пәндер;
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ММ (Дулатов көшесі, 72) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша: математика,физика, биология, химия, информатика, география.
Олимпиадаға біздің мектеп-лицейінің 44 оқушысы қатысады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.