«Рухани Жаңғыру» Өлкетану мұражайы-экскурсия
Бүгін біз «Рухани Жаңғыру»жаңа бағдарламасы туралы білу үшін өлкетану мұражайына бардық. «Рухани Жаңғыру» мақсаты өз Отаны мен тарихи мұрасына деген сүйіспеншілік пен адалдықты тәрбиелеу болып табылады.Жүргізілген жұмыстың маңызды бағыты «Қазақстанның киелі географиясы»арнайы жобасы болды.Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері бізді өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен және табиғи байлықтарымен таныстырды.
Бізге Қостанай облысының киелі нысандарының үлгілерін көрсетіп, олар туралы көптеген жаңалықтарды айтып берді. Біздің Отанымыздың аумағында сақталған 29 киелі нысан бар.Оның ішінде 10 жалпыұлттық маңызы бар, ал қалған 19-ы өңірлік объектілер болып табылады.Сонымен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында алты басты бағыт бар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, мәдениеттік, Қазақстанның эволюциялық дамуы және Сананың ашықтығы.Осы бағдарламаға кіретін 100 жаңа тұлға қоғамға заманауи Қазақстанды өз ақылымен,қолдарымен және талантымен жасайтындарды көрсетеді. Осы экскурсияға қатысып, өз білімдерімізді толықтырдық, бізге өте қызықты болды!
№ 2 мектеп-лицейі
Басова Анна 11 «А» сынып
Оспанова Зарина 9 «Б»сынып
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.