№ 9 мектеп мұражайына саяхат
12 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 7 сынып оқушылары Қостанай қаласының №9 мектебінің мұражайына экскурсиямен барды. Іс-шараның мақсаты- өзінің шағын Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу,қазақ жазушысы, аудармашы Ғ. Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Биылғы жылы жазушы 90 жасқа толар еді.
Экскурсия кезінде балалар бірегей экспонаттармен: шынайы фотосуреттермен,құжаттармен және Қайырбековтардың отбасы мұрағатынан алынған жеке заттарымен танысты. Балалар ақын өлеңдерінің аудармаларын ,медальдер мен марапаттарды,алғашқы кітаптар басылымдарын, оның еңбектерінің шығармалар жинағын көрді. Осының барлығы оқушыларға жерлесімен жақын танысуға мүмкіндік берді.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.