Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
Білім басқармасының 2018 жылғы 14.09. хатын орындау үшін 2018 жылдың 15 қыркүйегінде кеңес түрінде №2 мектеп-лицейінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Жиналыста директордың 2018 жылғы 13.02. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» ММ-нің қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» бұйрығы қайтадан мәлімет үшін жеткізілді.
Сонымен қатар: ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыру, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында мектеп-лицейінің педагог қызметкерлеріне мектеп және оқу кабинеттерінің мұқтаждарына ақшалай қаражат жинауға, сынып ата-аналар комитеттерімен мерекелік күндері мұғалімдерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға тыйым салатын 2018 жылғы 17.08. № 298 бұйрығы жария етілді және қызметкерлерге жеткізілді.
Бұйрықтар мектептің сайтында және ақпараттық стендтерінде ілінген.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.