«Qos Komek – Двойная помощь» экожобасы жалғасуда!
22 қазан күні облыстық экологиялық байқаулар мен жобалардың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Біздің мектептің оқушылары қайырымдылық экожобасы «Qos Komek – Қос көмек» жобасына белсене қатысып, 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды!
Біз пластикалық қақпақтарды қайта өңдеуге жинадық, ал одан түскен қаражат ауыр науқас балалардың еміне жұмсалады.
Бірақ бұл жобамыз мұнымен аяқталмайды!
Біз пластикалық қақпақтарды жинауды жалғастырып жатырмыз, өйткені әрбір қақпақ – үлкен жақсылықтың бір бөлігі!
Жинау орны (контейнер) — 1-қабаттың фойесінде орналасқан.
Ізгілік пен экология акциясына қосылыңыздар!
#QosKomek #ҚосКөмек #Экожоба #ІзгіІстер #МектепЛицей2 #Экология #БірліктеКүш
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

