Бүгін, 2 қыркүйек күні, №2 мектеп-лицейінде көптен күткен алғашқы қоңырау соғылды!
Бастауыш сынып оқушылары білім әлеміне алғашқы қадам жасаса, 5 пен 11-сыныптар дәстүрлі салтанатқа қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетті.
Бүгін мектебіміз 142 бірінші сынып оқушысын Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейдің үлкен отбасы ретінде қарсы алды
Сонымен қатар, мерекеміздің қонағы – 2025 жылғы түлегіміз, әлемдік спортта үлкен үміт күттіретін спортшы – Шкута Кирилл болды
Биылғы оқу жылы баршаңызға жаңа жаңалықтар, жеңістер мен жарқын сәттер сыйласын!
Қымбатты оқушылар, сіздерді алда қызықты сабақтар, адал достар және ұмытылмас мектеп жылдары күтіп тұр.
Ал №2 мектеп-лицей әрқашан білім мен мейірімнің ордасы болып қала береді!
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.