МО учителей казахского языка и литературы
Городское заседание руководителей методического объединения учителей казахского языка и литературы.
Қостанай қаласының № 2 мектеп – лицейінің 08.12.2015 жылы қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жаңа білім беру мазмұнынында оқыту үрдісін жаңа технологиялармен қамтамасыз ету» атты тақырыпта әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің жаңа білім беру мазмұнында оқыту үрдісінде жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен таныстыру.
Серттификатталған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері осы отырыста өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өтепқалиева Зейнегүл Тоқайқызы «Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау және дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг соңында мұғалімдермен шеңбер құрып «Өзіңді аш» тренингін жүргізіп, мұғалімдер өз бойындағы қабілеттерін ортаға салды.
Қайдаулова Ғалия Мұртазақызы «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану» атты коучингпен таныстырып, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының анықтамасына, түрлеріне тоқталып, үш топқа бөліп жұмыс жасады. Мұғалімдер бар ықыластарымен жұмысқа белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп отырды.
Торина Гүлжахан Қуанышқызы «Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін формативтік критериалды бағалау» тақырыбында шебер-сынып жүргізді. Қазіргі таңда оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі қандай екендігі жайында әр түрлі тапсырмалар беру арқылы мұғалімдермен біріге отырып, жұмыс түрлерін өткізді. Жұмысты бастамас бұрын топта ынтымақтастық атмосфераны құру барысында «Мен кіммін?» тренингін өткізді.
- Мен әдемі адаммын, себебі …
- Менде керемет мынандай екі қасиет бар, олар…
- Менің өз өмірімде жасаған ең бір жақсы ісімнің бірі …
Топта жұмыс жасаушы мұғалімдер белсене қатысты.
Хакімжанова Жаңыл Әзірханқызы «Мамандық таңдау» тақырыбында бір сабағының жоспарымен мұғалімдерді таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Әр жұмыстан соң кері байланыс жүргізіліп, мұғалімдер алған әсерлерімен ой бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.