Семинар: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабағындағы жобалау технологиясы.
2017 жылдың 9 қарашасында қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының филиалына біліктіліктерін арттыруға келген облыс мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.
Семинар тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабағындағы жобалау технологиясы.
Семинар барысында әдістемелік бірлестіктің үш мұғалімі ашық сабақ және екі мұғалім шеберлік дәріс көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бастауыш сынып бойынша Нұғманова К.Қ. 2 «Л» сыныбында «Менің досым» тақырыбы бойынша қайталау сабағын көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлерін жасап, қазақ тілі сабағында өз білім деңгейлерінің жоғары екендігін көрсете білді.
Орта буын сыныбы бойынша Байдилдина А.К. 5 «Л» сыныбына сабақ берді. Ашық сабақ тақырыбы «Киіз үй көшпелілердің баспанасы». Сабақ барсында айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін көрсете білді. Оқушылар мұғалімді түсініп, мұғалім қойған сұрақтарына толық та, нақты жауап беріп отырды. Сабақ қызықты өтті.
Жоғарғы буында Торина Г.Қ. 9 «Б» сыныбымен ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында оқушылар жаңа сабақтың тақырыбына сай, жоба жұмысын құрып, топпен қорғап шықты. Сабаққа Ы.Алтынсарин мұражайының қызметкері Айымгүл Төлегенқызы қатысып, Ы. Алтынсарин атамыздың алғашқы ашқан мектебі бойынша деректі фильмді көрсетті және ақпаратпен таныстырды. Сабақта топты бағалау, бірін — бірі бағалау жұмыстары да көрсетілді.
Шеберлік дәріс бойынша Асел Кенжеахметқызы мәтінмен жұмыс түрлері жайында толық ақпарат беріп, мұғалімдермен бірнеше жұмыс түрлерін жасады. Сонымен қатар мәтінмен жұмыстағы функционалдық жұмыс барысында өз дәрісінді айтып, түсіндіріп өтті.
Екінші шеберлік дәрісті Гүлжахан Қуанышқызы жүргізді. Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыру барысында қандай әдіс тәсілдермен жұмыс жасау керектігін көрсетіп, мұғалімдермен топта бірге жасап, түсіндірді.
Жалпы семинар бойынша мұғалімдердің алған әсерлері жоғары, кері байланыс жасалып, әр мұғалім өз ойын, пікірін білдірді.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.