Интервью «Ровесник Независимости»

Манасбаев Серик Шотбаевич 1991 жылы 12 шілдеде Науырзым ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген. Педагог қызметін Серик Шотбаевич қалалық балалар шығармашылығы мектебінде қосымша білім беру педагогы ретінде бастады. Кейін Қостанай құрылыс колледжінде Жастар ісі жөніндегі инспектор қызметін атқарды. 3 жылдан астам Қостанай қаласының № 2 мектеп — лицейінде қосымша білім беру педагогы болып жұмыс істейді. Дебат үйірмесінен сабақ береді.Балаларды қалалық, облыстық пікірсайыс іс-шараларына дайындайды. Оның тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері. ҚР жастарының Алтын кітабына енген.

«Қазір Қазақстан халықаралық аренада лайықты орын алды деп мақтанышпен айта аламын. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты жетістігі-тұрақтылық пен тыныштық. Көпұлтты халықтың бірлігі арқасында Қазақстан гүлденген мемлекет болып табылады.»

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий